KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОШ
478.58 520.84 5.44

Өскемендік балуан 2013 жылғы «Қазақстан барысын» тізе бүктірді

13.04.2015, 18:00 169



Семейде қазақ күресінен ерлер мен әйелдер арасында облыс біріншілігі мәреге жетті. Екі күнге созылған додада екі жүзге тарта балуан күш сынасты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл бәсекеде топ жарған мықтылар биылғы 5-9 маусым аралығында қазақ күресінің жарқын өкілі, мемлекеттік жаттықтырушы Марат Жақиттың 70 жылдық мерейтойына орай Аягөз қаласында жалауы желбірейтін ел чемпионатына қатысуға мүмкіндік алады. Сондықтан бозкілемге шыққан балуандарымыз іріктеуден іркілмей өтуге барын салды.

Облыс біріншілігіне Өскемен, Семей, Курчатов қалаларынан және Абай, Аягөз, Тарбағатай, Жарма аудандарынан спортшылар қатысты. Ерлер жеті салмақ дәрежесі бойынша, ал әйелдер алты салмақ дәрежесі бойынша белдесті.

Жарыс қорытындысында ең төменгі 55 келі салмақта Қуат Бекпаев (Тарбағатай), 60 келіде Қуаныш Искаков (Абай), 66 келіде Аслан Түсіпханов, 74 келіде Қуаныш Мұратов, 82 келіде Ерасыл Қайырбек, 90 келіде Ерлан Канкиев, 100 келіде Ержан Алдажар (бәрі Семей) жеңіске жетті.

Ал 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен өскемендік Талғат Әміренов финалда «Қазақстан барысы» атанған белгілі балуан Айбек Нұғымаровты тізе бүктіріп, облыс чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Енді жеңімпаздар өз салмақ дәрежелерінде Аягөзде өтетін Қазақстан біріншілігінде Шығыстың намысын қорғайтын болады.

Серік Әбілхан
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив