KZ
Өскемен
-13°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Полиция қызметкерінің өліміне қатысты түсініктеме берілді – ШҚО

19.07.2024, 11:03 144

Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті Глубокое ауданында болған тәртіп сақшысының өліміне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Еске салайық, бұған дейін мессенджерде бейресми құжат тараған болатын.

«3 шілдеде Глубокое ауданының полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне инспектордан рапорт келіп түсті. Инспектор сағат 1:00 шамасында серіктесі қызметтік автокөліктің салонында өз-өзін атып өлтіргенін баяндады. Оның айтуынша, 2 шілде күні сағат 20:00 шамасында екеуі бірге қызметке кіріскен, ал 23:30 кезінде серіктесі көзден таса болған. Кейінірек түнгі сағат бір шамасында қоңырау шалып, әлдебір мәселеге тап болғанын айтып, айналма тасжолға келуін өтінеді. Аталған жерге жеткен инспектор серіктесінің көлік ішінде көз жұмғанын анықтаған» - деп жазылған аталмыш құжатта.

Облыстық полиция департаменті бұл жағдайға қатысты қысқаша түсініктеме берді.

«Бұл оқиға 3 шілдеде болған. Полиция қызметкері қайтыс болды. Осы факт бойынша ІІМ қызметтік тергеу жүргізді, нәтижесінде бірнеше басшы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды» - деп мәлімдеді ШҚО ПД.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу