KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
482.94 535.97 5.35

Ақсуаттағы балуандар бәсекесінде темір тұлпар кімге бұйырды?

21.07.2024, 11:07 151 Назерке Каримова

Абай облысының Ақсуат ауданында «Асыл бесік - Ақсуат» атты спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр. Фестиваль аясында ұйымдастырылған қазақ күресінен «Асыл арлан» турнирі мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлері марапатталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Төл спортымызды төрге оздырған дүбірлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен бозкілемде атой салған апайтөс алыптар жиылды. Балуандар салмақтарына қарай екі санатқа топтастырылып, “Өгіз балуан” және “Түйе балуан” атақтары үшін сынға түсті. Сонымен тартысты өткен белдесулер нәтижесінде “Өгіз балуан” атағын қарсылас шақ келтірмеген Абай облысының балуаны Дидар Тұқышев жеңіп алды. Екінші орын жетісулық Рауан Алтынбекке бұйырды. Ал Армия орталық спорт клубының намысын қорғаған Ибрагим Нұрмаханұлы мен Әулие ата жерінен келген Ернұр Сүлеймен үшінші орынды бөлісті.

Жанкүйерлер делебесін қоздырған алыптар айқасы да аса тартысты һәм қызықты өтті. “Түйе балуанды” анықтайтын бұл белдесулерде үшінші орынды маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов пен түркістандық Қайсар Шамшидин иеленді. Екінші орынды финалда жерлесіне ұтылған абайлық Дәурен Нұралинов еншіледі. “Асыл арланның” бас бәйгесі “Өгіз балуан” атағын жарыс қожайыны Абай облысының балуаны, алапат күштің иесі Ерасыл Қажыбаев жеңіп алды. Оған чемпиондық белдікпен қатар су жаңа темір тұлпар сыйға тартылды. “Өгіз балуан” атанған Дидар Тұқышевқа 5 млн теңге ақшалай сыйлық берілді. Басқа жүлдегерлер де қомақты қаржылай сыйлықтарға ие болды.

Фото: Ақсуат ауданы әкімдігі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив