KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
482.94 535.97 5.35

Өскемендіктер демалған жерде не қалады?

Фото: А.Әшімова

20.07.2024, 19:00 174 Назерке Каримова

Бұл сұрақтың жауабын облыс орталығында ұйымдастырылған «Таза жағалау» акциясына қатысушылар анықтады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Атам қазақ «Ат аунаған жерде түк қалады, қонақ отырған жерде құт қалады» деп тәмсілдеуші еді, қазіргілер бұл мәтелді «Ат аунаған жерде түк қалады, адам отырған жерде қоқыс қалады» деп өзгертіп айтып жүр. Өкінішті, дегенмен шындық...

Жуықта Өскеменде Президент тапсырмасына орайы ел көлемінде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Таза жағалау» науқаны ұйымдастырылған болатын. Бұл шараға облыс орталығындағы қоғамдық ұйымдардың және Экожер қауымдастығының өкілдері, белсенді жастар қатысты.   

Білмегендер болса айтайын, Сол жағалауда Шоқ қайың деген ғажап жер бар. Тұрғындар қала сыртына шықпай-ақ осында келіп тамаша табиғат аясында демалады. Мұнда өзен де, орман да, жанға рахат сыйлар тыныштық та бар. Өкініштісі, шашылған қоқысты да көресіз. Оны демалуға келген адамдар тастап кеткен.
«Таза Қазақстан» аясында біз қала тұрғындарының табиғат аясына шыққанда кәуаптан басқа сосискі, балмұздақ жеп, «Зеленая марка» мен сыра ішетінін байқадық. Бұған қоса тағы бір заттарды көзіміз шалды, бірақ ол туралы жазбай-ақ қояйын оқырмандарымның арасында балалар да бар, – деп жазды «ШҚО Азаматтық альянсы» бірлестігінің төрағасы Аяужан Әшімова Фейсбук желісіндегі парақшасында


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив