Семейде бір күн бұрын жоғалған оқушы табылды
Фото: Polisia.kz.
Семейде бір күн бұрын жоғалған оқушы Шығыс кентінен аман-есен табылды. Бұл туралы Абай облысының полиция департаменті мәлімдеп отыр.
"Баланы полицейлер, еріктілер және тұрғындар іздеді. Тәртіп сақшылары оқушыны Шығыс кентінің аумығынан тапты", - делінген полиция хабарламасында.
Оқушы Әуезов полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін онымен әңгіме жүргізілді. Баламен психолог сөйлескеннен кейін ата-анасына тапсырылады.
Оқи отырыңыз