KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
479.23 534.96 5.16

Келіндер сайысқа түсті

10.03.2015, 18:00 213



Қазақтың әдет-ғұрпын, жөн-жоралғысын жаңғырту, ұлттық және адами құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында таяуда ШҚО Катонқарағай ауданы Ақсу ауылының мәдениет үйінде «Аяулы жас келін» атты байқау болып өтті.

Байқау «Өзін-өзі таныстыру», «Өнер - өмір азығы», «Шеберлікке шек жоқ», «Білім - таусылмас қазына», «Сүйіктімнің сүйген асы», «Кім жылдам?» деген бөлімдерден тұрды. Қазақтың ұлттық киімі бойларына жарасып, имене басып, иіле сәлем салған келіндер ішінен Ш.Нұрмұхамбетова мен Ж.Махмұтова «Өзін-өзі таныстыру» кезеңінен-ақ суырыла алға шықты. Қуанғанның жолдасы, мұңайғанның сырласындай болған әуенді ән орындау шеберлігін Г.Төлемісова көрсетсе, қазақтың би өнерін М.Серікова паш етті. Жас келіндердің өз қолдарымен жасаған бұйымдары да қазылар назарын өзіне аударды. Келіндер халқымыздың «Сүйіндір», «Жиенқұрық», «Абысын асы», «Босаға майлау» деген ырым-жоралғылары туралы білгендерін ортаға салып, өз білімдерінің тереңдігін көрсетті.

Ал «Кім жылдам?» кезеңінде аз уақыт ішінде салат дайындау мен картоп аршудан жарысқа түскен келіндер «Сүйіктімнің сүйікті асы» кезеңінде аспаздық өнерді де жетік меңгергендерін дәлелдеді.

Байқау қорытындысында Ж.Махмұтова «Бесаспап келін», Ш. Нұрмұхамбетова «Парасатты келін», Г.Төлемісова «Үлгілі келін», М.Серікова «Өнерлі келін» аталымдарымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды.

Ауыл тұрғындары «Ақ босаға» әнін қатысушылармен бірге шырқап, осы шараның ұйымдастырушысы әрі демеушісі болған мәдениет үйінің меңгерушісі Ж.Әкімғалиеваға ризашылықтарын білдірді. Гүлшахарат Райымжанова Катонқарағай ауданы.

Гүлшахарат Райымжанова
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив