KZ
Өскемен
пасмурно жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Кәсіпкер әйелдерге барлық жағдай жасалған

3.02.2015, 18:00 271



Соңғы жылдары ШҚО Тарбағатай ауданында кәсіпкерлікпен айналысатын нәзік жандардың қатары артып келеді. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алып, шеберхана, фотосалон, шаштараз, наубайхана, кондитерлік цех, кафе ашып, қажетті іспен айналысып жүрген он үш әйел бар. Оларға алты жарым пайызбен жалпы сомасы 20 миллион теңгенің несиесі берілді.

Жетіарал ауылының тұрғыны А.Серікова студент бола жүріп, кондитерлік цех ашумен қатар, ауылшаруашылығымен де айналысуда. Ал Жәнтікей ауылының іскер азаматшасы С.Мамырбаева ауыл тұрғындарын нан өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуде. Аудандық жұмыспен қамту орталығының бастығы т.Жақыпбаевтың айтуынша, ауданда мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында нәзік жандар кәсіп ашу үшін несие алып, тепсе темір үзетін азаматтарға жұмыс беріп отыр. Солардың бірі - Ойшілік ауылындағы г.Оржубаева.

Бөлім басшысының айтуына қарағанда, кәсібін ашуға ниет білдірген 890 адамның 40 пайызы әйелдер. Оларға кәсіпкерлік негіздерін тегін оқыту және бизнес-жоспарды әзірлеуге көмек көрсетілді. Кәсібін ашуға ниет білдірген әйелдердің бизнес-жоспарлары бүгінгі күннің қажеттіліктерінен туындаған. Екпін ауылында үш бірдей кәсіпкер азаматша қымыз сауумен қысы-жазы айналысуда. Алдағы көктемде «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы арқылы несие алған екі азаматша егіншілікке тамшылатып суарудың технологиясын пайдаланбақ. Ақжарлық Әлия Искакова «Жұмыспен қамту2020» бағдарламасы және өз қаражаты есебінен қуаттылығы айына 50 тонна сүт өнімдерін өндіретін өндіріс ашып отыр. Осылайша, аудандағы кәсіппен айналысып отырған әйелдердің үлес салмағы жыл санап артып келеді және оларға барлық жағдай жасалуда.

Қадырбек Кәкімұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив