KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ауадан қуат алдыратын қондырғы жобасын ойлап тапты

7.04.2014, 18:00 160



Өскемендік өнертапқыш-ғалым Михаил Булдаков «Шағын ЭКСПО-2014» көрмесіне баламалы қуат көзін тауып, энергия тапшылығынан құтқаруды мақсат еткен инновациялық жоба ұсынып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Ол – сыртқы ауаның статикалық қысымымен жұмыс істейтін магнитті турбина қондырғысы жабдықтары арқылы электр энергиясын алатын қарапайым да тиімді электр стансасын салу жобасы.

Идея иесімен Өскемен политехникалық колледжі де тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр.

- Михаил Поликарпович бір кездегі біздің техникумның түлегі болғандықтан ғалымның бастамаларын жүзеге асыруға біз де қолдан келгенше қолдау көрсетудеміз. Қазір шағын электр стансасының алғашқы тәжірибелік түрі қаладағы «Гидросталь» зауытында жасалынып жатыр. Энергетика саласының мамандары даярланып жатқан біздің оқу орнының студенттері алдағы уақытта өнертапқыш жерлесіміздің жаңғыртылған энергия көздерін құру жобалары бойынша тәжірибе алып, біліктіліктерін арттырмақ, – дейді Өскемен политехникалық колледжінің директоры Исатай Исин.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив