ШҚО Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылында биыл бас жоспарға сәйкес аудан орталығының сәнін қашырған ескі үйлер бұзылып, олардың орнына көпқабатты жаңа тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Ауданда баспана алуға кезекте тұрған мұқтаж адамдардың саны – 334. Олардың қатарында мүмкіндігі шектеулі жандар, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, сондай-ақ, бюджеттік, мемлекеттік мекеме қызметкерлері бар.
Тұрғындар арасында қордаланған баспана проблемасын осындай жолмен шешуді көздеген жергілікті басшылық бұл әрекеттері арқылы «екі қоянды бір оқпен атып» алмақшы.
Ауданның бас жоспарын жасаушы мамандар жаңадан салынатын көпқабатты үйлер Ақсуаттың ажарын келтіріп қана қоймай, онда тұратын адамдарға да өте жайлы болатынын айтады.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz