KZ
Өскемен
+12°
ясно жел 4 м/с, СШ
479.05 534.57 5.17

"Самұрық Қазынаның" үйлері Өскеменде бой көтереді

27.01.2013, 18:00 130


Бүгін Өскемен қаласының әкімі Серік Тәукебаев «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорымен «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша тұрғын үйлер салу жөніндегі келісімге қол қойды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өскемен қаласында тұңғыш рет «Самұрық Қазына» жылжымайтын мүлік қорының есебінен салынған үйлер бой көтеретін болды.

- Қол қойылған келісім-шарттың негізінде қалада 4-пәтерлі екқабатты 100 үй, 90 пәтерлі 4 үй салу жоспарланған. Бұл баспаналар сол жағалауға салынады. 2013 жылы шаһарда барлығы 1260 пәтерге арналған көпқабатты 15 үйдің, 55 пәтерлік жатақхананың және 36 жеке үйдің құрылысы қолға алынады, - деп атап өтті қала әкімі.

Сонымен қатар Өскемен қаласында бұған дейін басталған бірнеше әлеуметтік нысандардың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив