KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2,3 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Алғыс ордені ШҚО әкіміне мемлекет пен шіркеулік қарым-қатынасты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін табысталды

13.12.2013, 18:00 163


Алғыс ордені ШҚО әкіміне мемлекет пен шіркеулік қарым-қатынасты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін табысталды

Астана және Қазақстан Митрополиті Александр мемлекет пен шіркеулік қарым-қатынасты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа «Алғыс» орденін табыс етті, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Облыс басшысы мен Астана және Қазақстан Митрополиті Александр бастаған православ діні өкілдерінің кездесуінде конфессияаралық келісім мен ұлтаралық татулықты, қоғамдағы тұрақтылықты күшейтуде, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде православ христиандарының қосып отырған үлесі зор екендігі айтылып, салаға қатысты бірқатар мәселелер тілге тиек етілді.


Алғыс ордені ШҚО әкіміне мемлекет пен шіркеулік қарым-қатынасты нығайтуда сіңірген еңбегі үшін табысталды

– Біздің арадағы келісімдердің орындалып жатқанына қуаныштымын. Облыс басшылығының қолдауының арқасында демеушілердің қаржылай көмегімен Троицк соборының сыртқы келбеті қалпына келтірілуде. Келешекте заң шеңберінде мұндай көмек-қолдаулар жалғаса береді деп сенеміз, - деп ағынан жарылған Астана және Қазақстан Митрополиті Александр мемлекет пен шіркеулік байланыстың беки түсуіне зор үлесін қосқаны үшін аймақ басшысының кеудесіне «Алғыс» орденін тағып, өздерімен бірге ала келген сый-сияпаттарын тарту етті.

Мәлімет көзі:Altaynews.kz.




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив