KZ
Өскемен
+14°
переменная облачность жел 1 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Бір жылда 3755 млн теңгегенің агротехникалары сатып алынды Шығыс Қазақстанда

10.12.2013, 18:00 115



ШҚ облысының агроөнеркәсіптік кешендері 2013 жылы 3755 млн теңгеге осы заманғы 418 әртүрлі техникаларды сатып алды. Бұл «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының лизингтік бағдарламасының негізінде жүзеге асып отыр, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Агроөнеркәсіп құрылымдарының машина-трактор паркі жоғары өнімді 179 трактормен, 79 астық комбайнымен, 23 тұқым себетін қондырғымен, 28 егін оратын машинамен және басқа да 109 техникамен толықтырылды.

2000-2013 жылдар аралығында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы агроөнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында қыруар қаржы бөлді. Шығыс Қазақстанның агроөнеркәсіп құрылымдары осы жылдар ішінде 15441 млн теңгенің 2806 техникасын сатып алды. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығы саласында біршама оңды істер атқарылып жатыр.

Әлімжан Қадылбекұлы
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив