«Қазақстан жастарын қолдау» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Шығыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік қызмет тапсырысы негізінде «ШҚО жастарының арасында діни экстремизмнің алдын алу жөніндегі әлеуметтік қызмет» жобасы аясында Семей қаласында «Сақ бол! Секталар» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпаратына сілтеме жасап.
Шараның бас ұйымдастырушысы Тұрсын Еркебұланның айтуы бойынша, аталмыш акция Семей қаласының көшелерінде, қоғамдық орындарында өтті. Акцияның негізгі мақсаты жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің туындау себептері және оның жағымсыз салдары , қоғамға кері әсері жайлы мәліметтерді түсіндіру болды. Акцияға 300 – ге жуық адам жұмылдырылды.
Мәлімет көзі:Altaynews.kz