Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы», «Жастар кәсіпкерлігін дамыту» Қоғамдық Қоры және Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен «Бизнесті бүгін баста!» атты дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі қалалық ішкі саясат бөлімінің мәліметіне сілтеме жасап.
Жиынға кәсіпкерлік бөлімінің мамандары, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Басқосуда жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелері мен мемлекеттік қолдау тетіктері талқыланды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша осы салада мемлекеттік саясатты жетілдіру жөнінде ұсынымдар жасалды.