KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Тәртіптік комиссиялардың қызметі жөнінде ақпарат тыңдалды

29.10.2013, 18:00 208


29-қазанда Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі тәртіптік кеңес хатшылығының ақпаратына сілтеме жасап.

Отырыста атқару өндірісі және сот орындаушылар мәртебесі туралы заңнамалар талаптарын орындамай, қарыздарды өндіріп алуды қамтамасыз ету шараларын дер кезінде қабылдамағандары үшін Курчатов аумақтық бөлімінің бөлім басшысы – филиалдың аға сот орындаушысы Т. Кульдиковқа, облыстық сот актілерін орындау департаменті Өскемен қаласындағы сот орындаушылардың №1 аумақтық бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы М. Майкибаевқа, сондай-ақ мемлекеттік сатып алулар туралы заңнама талаптарын бұзғаны үшін Абай ауданы Қарауыл ауылдық округінің әкімі Х. Верлишевке қатысты прокуратура органдары берген ұйғарымдар бойынша қозғалған тәртіптік істер қаралды.

Қаралған материалдар бойынша тәртіптік кеңес мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы тиісінше орындамағаны үшін Т. Кульдиковқа және М. Майкибаевқа қатаң сөгіс жариялауды, Абай ауданы Қарауыл ауылдық округінің әкімі Х.Верлишевке «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңнамаға сәйкес қызметтік лауазымына толық сәйкес болмауы туралы ескерту жасауды ұсынды.

Сондай-ақ, отырыс барысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыс бойынша департаменті жанынан құрылған мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының қызметтері мәселелері жөніндегі қоғамдық-сараптама кеңесі төрағасы В. Якуповтың ақпараты тыңдалды, ол кеңес мүшелеріне мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы туралы мәлімет берді. Ол қоғамдық-сараптамалық кеңестің рөлі мен маңызын арттыруға баса назар аударды. Ол тәртіптік комиссиялардың жұмысына жасалған талдау қорытындысы бойынша облыстың барлық мемлекеттік органдарына әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану кезінде жиі орын алатын заң бұзушылықтар туралы тиісті хат жолданғанын айтты.

Тәртіптік кеңес ақпаратты тыңдап, тәртіптік комиссиялар қызметін алдын ала бағыттауды күшейту мақсатында мемлекеттік органдар басшыларына тәртіптік комиссиялар мүшелерінің құқықтық құзыреттілігін арттыру, сыбайлас жемқорлыққа барған және басқа да құқық бұзған мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау кезінде заңнама нормаларын сақтау шараларын қабылдауға ұсыныс жасады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив