KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 5 м/с, З
441.66 475.14 4.86

Қызмет көрсету сапасына көңіл бөлу ұсынылды

28.09.2012, 18:00 189


Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті. Аталған отырыста тәртіптік істер, Көкпекті, Бесқарағай ауданының мемлекеттік органдарында және қаржы басқармасында өткен тексерулердің қорытындысы қаралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Көкпекті ауданының әкімі Д.Мусиннің, Бесқарағай ауданы әкімінің орынбасары Е.Рахметуллиннің және облыстық қаржы басқармасының бастығы С.Оразалиевтің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамаларын, мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс кодексі талаптарының сақталуына байланысты өткізілген тексерулердің қорытындысы бойынша есептері тыңдалды.

Көкпекті, Бесқарағай ауданының әкіміне облыстық және қаржы басқармасының басшысына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдардың, мемлекеттік қызметшілер Ар-намыс кодексінің орындалуы бойынша жеткіліксіз шара қолданулары атап өтілді. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алуға бағытталған жұмысты ерекше бақылауға алу, мемлекеттiк қызмет туралы, жемқорлыққа қарсы заңдардың талаптарын орындау мен кадр мәселелерiнiң жүргiзуiне қатаң бақылау жасау, бос әкiмшiлiк мемлекеттiк қызмет лауазымдарына конкурс өткiзу ережелерiнiң нормасын бұлжытпай сақтау, сонымен қатар әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді аттестациялау ережесіне, мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша жұмыс жағдайына талдау жасау, аудандық ведомствоаралық мемлекеттік органдардың тұрғындарға мемлекеттiк қызмет көрсетуі сапасына көңiл бөлу ұсынылды.

Қаралған алты тәртіптік іс бойынша мемлекеттік органдардың басшыларына «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңның талаптарын бұзған тұлғаларға қызметке сәйкес еместiгi туралы ескерту және атқаратын қызметiнен босату, ал «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның талаптарын бұзған тұлғаларға қатаң сөгіс жариялау туралы ұсыныстар қабылданды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив