KZ
Өскемен
+3°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
442.05 474.14 4.74

26 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды

16.10.2013, 18:00 115


Шығыс Қазақстанда 9 ай ішінде 6 тәртіптік кеңес өткізіліп, онда 59 мәселе, оның ішінде 32 тәртіптік іс қаралды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мемлекеттік тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын және еліміздің Ар-намыс кодексінің талаптарын сақтау жөнінде 91 ұсыныс енгізіліпті. Сонымен қатар, 26 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу да тәртіптік кеңес қызметімен тікелей байланысты. Бұл ретте жыл басынан бері 136 тексеру жүргізіліп, 236 заңбұзушылық анықталған.

Тәртіптік кеңес лауазымды тұлғаларға қатысты шағымдар бойынша қосымша қызметтік зерттеу жүргізу өкілеттігіне ие. Тәртіптік кеңес құрамына барлық құқық қорғау, бірқатар қадағалау органдары басшылары мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері кіреді.

– Біз заңдылықтарды анықтауда көрсеткіш қуудан бұрын, адресімізге түсетін істің нақты әрі әділ шешімін табуды, оның ашық түрде болуын көздейміз, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов БАҚ өкілдерімен брифинг кезінде.

Думан Анаш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив