KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 2 м/с, В
478.93 534.96 5.16

Орталықтардың ҚЫЗМЕТІНДЕ ОЛҚЫЛЫҚ көп

14.02.2012, 18:00 213


Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облыстық тәртіптік кеңесі-
нің кезекті мәжілісінде төрт тәртіптік іс, сондай-ақ облыстық туризм, денешынық-тыру және спорт басқармасындағы мемлекеттік қызмет туралы, мемлекеттік қызметкерлердің Ар-намыс кодексі, коррупцияға қарсы заңдылықтардың сақталуы-на байланысты жүргізілген тексеру қорытындылары қаралды. Мәжілісте «Халыққа қызмет көрсету орталығы» ӨМК-нің тұрғындарға көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру бағытында атқарып жатқан жұмыстары да тыңдалды.

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы – тәртіптік кеңестің төрағасы Тоқтамыс Жұмағұлов басқармада мемлекеттік лауазымдағы қызметкерлерді мерзімінде аттестациялаудан өткізбеу, білімін жетілдірмеу, кадрларды дұрыс іріктемеу сияқты кемшіліктер орын алуымен қатар, аталған басқарманың мемлекеттік қызметкерлерді спортқа жұмылдыру, бұқаралық спортты жандандыру, туризмді дамытуды ұйымдастыру шараларын жүргізу міндеттерін де ойдағыдай орындай алмай отырғандығын атап айтты. Ұжым басшылығының алдына өз міндеттері мен мақсаттарын, мемлекеттік қызмет туралы заңдылықтар талаптарын орындауға, сақтауға байланысты ұсыныстар қойылып, ескертулер жасалды.
Облыс орталығындағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы да жұртшылықтың көңілінен шықпай тұр. Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, елімізде жүргізіліп отырған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын бағалау жөніндегі мониторинг бойынша Өскемендегі №1 халыққа қызмет көрсету орталығы ең соңғы орындардың бірінде тұр. Жүргізілген сауалнамалар нәтижесі көрсетіп отырғандай мұнда келген халықтың жетпіс пайызы құжат жөндету үшін қырық минуттан астам уақыт кезекте тұрыпты.
Тәртіптік кеңес мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығы өз жұмыстарын жетілдіруге орай атқарып жатқан шаралар турасында әр тоқсан сайын есеп беріп отыруы қажет деген ұйғарымға келді. Есеп беруді орынбасарына тапсырып, кеңес мәжілісіне келмей қалған орталық директорының есебі алдағы уақытта қайтадан тыңдалатын болды.
Тәртіптік кеңестің мәжілісінде тұрғын үй жәрдемін бөлуде заң талаптарын бұзған Бесқарағай ауданы Семеновка ауылдық округінің әкімі А.Солтанғазин мен осы әкімдіктің бас маманы Р.Алтынсаринаның, сондай-ақ, Глубокое аумақтық сот орындаушысы Г.Ақышеваның тәртіптік істері қаралып, өз қызметтерін атқаруда заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелеріне өз қызметтеріне сай еместігі туралы ескерту жасалынды.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив