KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Жетім балалар ата-аналарын тапты

23.10.2013, 18:00 149


Шүлбі балалар үйінде «Үйге - жол» деп аталатын іс-шара өтті. Нәтижесінде осы мекеменің 17 тәрбиеленушісі өздері толық мүшесіне айналатын отбасыларын тапты, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Отбасылық жетімдер үйі 2007 жылы құрылып, содан бері мұнда 147 бала тәрбиеленген. Енді міне, қалған 12-17 жас аралығындағы 17 жасөспірім жаңа отбасылардың қамқорлығына алынып отыр. Оларды қамқоршылыққа алған туыстарына 10 АЕК көлемінде жәрдемақы төленеді. Дәл осындай мөлшердегі жәрдемақымен қатар жетімдерді патронаттық тәрбиеге алған отбасыларға біліміне байланысты еңбекақы да қарастырылған.

Облыстық балалар үйінің директоры Роза Ибраеваның айтуынша, бұл балалардың біразы өздерінің туған-туыстарының қарауына бе-рілсе, қалғандары патронаттық жолмен қамқорлыққа алынған.

Ал жетімдер үйінің ғимаратында оңтайландыру шараларына орай «Дарын» ғылыми-тәжірибелік орталығының жанындағы дарынды балаларға арналған оқыту-сау-ықтыру лагері жұмыс істейтін болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив