KZ
Өскемен
+16°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
441.66 475.14 4.86

Судьялар жетім балаларды патронаттық тәрбиеге алды

24.02.2013, 18:00 147


Шығыс Қазақстан облысының судьялары жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсетуді қолға алды. Облыстық соттың барлық қызметкерлері жыл ішінде бір күндік жалақыларын «Қазақстанның тұрғын үй жинақ банкі» АҚ-ындағы патронаттық балалардың есепшотына аударып отырады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұған судьялар мен облыстық білім басқармасы арасындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды патронаттық демеушілікке алу жөніндегі әлеуметтік келісім негіз болып отыр.

– Ол қаражатқа жетім балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне тұрғын үй сатып әперілетін болады. Бұған қоса балалар үйлеріне үнемі демеушілік және басқалай қажетті көмектер көрсетілмек, – дейді облыстық соттағылар. – Судьялар жиі-жиі балалар үйлерінің тәрбиеленушілерімен кездесіп, олардың тұрмыс-тіршілігімен, онда өтетін түрлі шаралармен етене танысып, балалармен құқықтық және басқа тақырыптарда әңгімелер өткізуде.

Осыған дейін олар Өскемендегі «Үміт» балалар үйінің ұжымы ұйымдастырған «Розалар балы» мерекесіне қатысып, балаларға заманауи музыкалық орталық сыйлапты. Ең тамашасы, мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да үнемі өткізіліп тұратын болады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив