KZ
Өскемен
+14°
ясно жел 2 м/с, С
443.44 480.51 4.88

Күршімде жеке кәсіпкер патронаттық тәрбиеге алынған балаларға компьютер сыйлады

22.04.2013, 18:00 240


Күршім ауданында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылған «Мейірім» атты қайырымдылық акциясының шеңберінде 295 200 теңге жиналды. Сонымен қатар «Аманбаева» ЖК, «Өскемен-құрылыс» ЖШС, «Көкжал» шаруа қожалығы сияқты іргелі ұйымдардың әрбірі 1000 доллардан ақша аударды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Қыстаукүршім орталау мектебінің түлегі, Өскемендегі «Доссенім» ЖШС директоры Досжан Игібаев осы ауылда патронаттық тәрбиеге алынған Карпач Максим мен Тюрин Сергейге арнап екі компьютер тарту етті.

Күршім аудандық әкімдігі мен 12 ауылдық округ, 2 әскери бөлім, бірқатар ұйымдар мен балабақшалар басшылары арасында «Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балаларға патронаттық қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы әлеуметтік шарт» атты келісімге қол қойылды. Бұл шарт бойынша аудандағы жетім балалар әр мекеме, ұйымдарға бекітіліп беріліп, бұдан арғы жерде солардың жәрдем-көмегіне сүйенетін болады.

Ауданы бойынша бүгінгі таңда 52 жетім бала тіркеуге алынған екен. Бұдан басқа, Семей, Өскемен қалаларындағы, Көкпектідегі балалар үйінен алынған 32 бала 27 отбасына патронаттық тәрбиеге беріліп отыр. Олардың қазіргі жағдайлары жақсы.

Хасен Зәкәрия

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив