KZ
Өскемен
+10°
пасмурно Штиль
441.44 473.09 4.75

Жетім бала үшін тұрғын үйге қол жеткізудің маңызы зор

5.04.2013, 18:00 213


Семейде қала әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл отырыста жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау мәселесі сөз болды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұл жөніндеСемей қалалық ішкі саясат бөлімінің ақпараттық секторы мәлімдеді.

Қалалық білім бөлімінің бастығы Гүлжан Алтынбекованың деректеріне сүйенсек, қаладағы 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны 97214, оның ішінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 847 бала, 398 бала қамқорлыққа алынса, 13 бала патронаттық тәрбиеге, 62 бала асырап алуға берілген, 304 бала балалар үйлерінде болса, 70 бала сәбилер үйінде.
Кәсіпорындардың патронаттық тәрбиесіндегі балалар кәмелетке жеткен соң осы кәсіпорындарда кепілді түрде жұмысқа орналасады және жеке меншік тұрғын үй алады, өйткені патронаттық тәрбиешілер балалар үйлерінен шыққанда жеке меншік тұрғын үй алу үшін бірнеше жыл бойы Қазақстанның Тұрғын үй-құрылыс банкі шотына белгілі бір сома салады.

Семейде өткен «Мейірім» қайырымдылық кеші барысында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік-патронаттық қолдау жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы 18 әлеуметтік шарттарға қол қойылды.

Интернаттық мекемелердің 237 тәрбиеленушісі кәсіпорындар мен мекемелерге бекітілген, бүгінде олардың Тұрғын үй-құрылыс банкіндегі шоттарына 16 млн. теңгеден астам қаражат түсті.

2013 жылдың 1-наурызындағы жағдай бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 67 бала патронаттық ұйымдарға әлі бектілмеген. Сонымен қоса, қалалық білім бөлімінің бастығы Семейде балалар үйлерінің жетім балалармен толығу динамикасы азайып келе жатқанын жеткізді.

Отырыс барысында қоғамдық кеңес мүшелері жетім балаларды әлеуметтік-патронаттық қолдауға кәсіпкерлер мен банктерді тартудың қажет екенін атап өтті. Интернат жетекшілері болса, жетім бала үшін тұрғын үйге қол жеткізудің өте маңызды екенін айтты. Себебі жұмысқа орналасу үшін тұрғылықты тіркелуді талап етеді, ал тіркелу үшін тұрғын үй қажет екені белгілі.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив