KZ
Өскемен
-1°
плотный туман Штиль
480.61 534.53 5.28

Бақыршық кеніші 500 миллион долларға сатылып кетуі мүмкін

10.10.2013, 18:00 177


Ресейдің алтын өндіруші «Polymetal» компаниясы Жарма ауданына қарасты Бақыршық кенішін 500 миллион долларға сатып алмақшы , деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі «Коммерсанть» басылымына сілтеме жасап.


Ақпарат құралы таратқан мәліметке сенсек, бүгінгі күні осы мәселеге қатысты келіссөздер жүргізілуде.
Бақыршық кенішіндегі алтынның қоры 5,76 миллион унция шамасында бағаланған. Оған қоса мұндағы қазба жынысының құрамында кездесетін алтынның үлесі де жоғары екен, мәселен бір тонна кеннен 8 грамм бағалы металл алуға болады.

Бақыршық алтын өндірілетін тағы бір кен орыны Большевикпен бірге «Altynalmas Gold Ltd» компаниясына қарасты «Қызыл Голд» жобасын құрайды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив