KZ
Өскемен
+28°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Ауыл жастарының бірінші Халықаралық конгрессі

8.10.2013, 18:00 130


Өскемен қаласында 14-қазанда ауыл жастарын жұмыспен қамту, оған байланысты өзекті мәселелерді шешу жолдарын қарастыру мақсатында Ауыл жастарының бірінші Халықаралық конгрессі өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Алғашқы конгресс жұмысына Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрі–А.С. Мамытбеков, қаржы министрі – Б.Б. Жәмішев, Қазақстан Республикасындағы шет елдердің Төтенше және Өкілетті елшілері, халықаралық ұйым өкілдері, мемлекеттік органдар, Республикалық жастар ұйымдарының көшбасшылары, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, ауыл жастары қатысады.

Ауыл жастарының бірінші Халықаралық конгрессі аясында өтетін пленарлық отырыс барысында үздік инновациялық жұмыстары үшін ауылшаруашылық саласындағы жоғары оқу орны студенттері марапатталады.

Сонымен қатар, әлеуметтік инвестициялар тарту мақсатын көздеп отырған бірінші донорлар форумы ұйымдастырылады. Аталған жиынға Қазақстан Республикасындағы шет елдердің Төтенше және Өкілетті елшілері, халықаралық ұйым өкілдері, облыстық жастар ұйымдары жиналмақ.

Жиналғандарға «Фермерлер мектебі», «ШҚСК МҚКК базасында бекіре балығын өсіру фермалары», «Балалар мен жастарды қолдау орталығы» және «Ақылды қала» жастар кешенінің аумағында «Жасыл кеңес» білім-таныстыру алаңын жабдықтау сияқты әлеуметтік маңызды жобалар таныстырылады.

Делегаттардың қатысуымен Комсомол аралында бой көтергелі отырған «Ақылды қала» жастар кешенінің тас белгісін қою рәсімі өтеді.

Жастарға арналған «Teach-in» (талқылау, пікірталас) екі тақырыпта: Ауыл жастарын жұмыспен қамту мәселелері, шешу жолдары және бос уақыттарын тиімді пайдалануға жағдай жасау бағытында жүргізіледі.
Іс-шара аясында облыстағы озық шаруа қожалықтарының бірі - Шемонаиха ауданындағы «Камышинское» шаруа қожалығымен таныстыру жұмыстары жүргізіледі .

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив