KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
441.58 480 4.86

Өскеменде тамыздың 29-30 күндері дәстүрлі халықаралық «Бал фестивалі-2013» өтеді

26.08.2013, 18:00 139


Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен тамыздың 29-30 күндері дәстүрлі халықаралық «Бал фестивалі-2013» өтеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Осымен төртінші рет өткізіліп отырған фестивальға биыл 14 мемлекеттің өкілдері қатысады деп күтілуде. Ал
бұл мерекеге қазақстандық омарташылар қауымдастығының 30-дан астам өкілдері қатысады.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асуат Насыровтың айтуынша, фестивальдың бірінші күні Тарханка ауылында дөңгелек үстел өтеді.

Онда омарта шаруашылығында қордаланған өзекті мәселелер қаралып, осы саланы дамыту бағытында шеберлік кластары ұйымдастырылады, келісімдер мен меморандумдарға қол қойылады. Бұдан бөлек, шаруа қожалығы базаларының бірінде омарта өнімдерін қаттайтын жаңа цехтың тұсаукесер рәсімі болады. Ал келесі күні бал өнімдерінің түрлері мен сұрыптарын саудалайтын жәрмеңке ұйымдастырылады.

Биылғы фестивальдың ерекшелігі – Еуразия континентіндегі елдердің омарташылық саладағы бірігуі болмақ.
Жыл сайын өткізілетін аталмыш шараның ұйымдастырушылары облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен облыстық омарташылар қауымдастығы және омарташылардың ұлттық одағы екендігін айта кеткеніміз жөн.

Ұйымдастырушылар биылғы бал фестивалінің қызғылықты әрі есте қаларлықтай болып өтеріне сенім артып отыр.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив