KZ
Өскемен
+13°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
479.38 531.63 5.27

150 мың туристке 1 миллиардтан астам теңгенің қызметі көрсетілді

1.10.2013, 18:00 213


2013 жылдың 9 айында Шығыс Қазақстанға 150 мың турист келген, бұл ретте біздің өңір республика бойынша Астана мен Алматы қалаларынан кейінгі үшінші орынды иеленеді. Туристерге 1 миллиардтан астам теңгенің қызметі көрсетілді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл деректер Өскеменде өткен мемлекеттік органдар мен өңірдегі туристік ұйымдар өкілдерінің кездесуінде келтірілді.

Бүгінгі таңда келушілермен 88 туристік фирма жұмыс істейді. Облыстағы 14 қорықтық аймақта экотуризмді дамыту қолға алынған.

Шығыс Қазақстанда туризм мамандарын даярлайтын үш жоғары және алты орташа арнаулы оқу орны бар.

Сауықтыру бағытындағы туризмнің радонмен және пантымен емдеу секілді бірегей түрлерін еліміз бойынша тек біздің өңірде орналасқан. Шипалы Алакөлдің және таулы Бұқтырма су қоймасының жағажайлары жазғы мезгілде елімізден және шетелден (негізінен Ресейден) келетін демалушылардан арылмайды.

Кездесуде Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Игалиев саланы дамытуға кедергі болып отырған факторларға жеке-жеке тоқталды. Соның бірі – туристерді тартатын жарнаманың және ақпараттың аздығы. Бір ғана мысал, шетелдік турист өзінің қай жерге түнеп, қай жерден тамақ ішетінін де алдын ала жоспарлап қояды. Ол үшін біздегі туристік орындар, дәмханалар мен қонақүйлер туралы мәліметтерді интернетке жүктеп, оны ұдайы жаңартып отыру қажет. Өкінішке қарай, осындай дүниелерге біздің кәсіпкерлер аса мән бермейді.

Жиынға қатысушы тараптар Шығысқа келетін туристер санын арттырудың түрлі тетіктерін қарастырып, өзге де қордаланған өткір мәселелерді жан-жақты қаузады. Басқосуда «Алтай Альпісі» серіктесігінің директоры Александр Чиликин, Шығыс Қазақстан аймақтық университетінің доценті, геология ғылымының кандидаты Бақыт Қасымжанова, «Меридиан» туристік агенттігінің директоры Альмира Бекайдарова және басқа да сала мамандары туризмді дамыту мәселелеріне қатысты өз ойларын ортаға салды.

Ержан Әбіш

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив