KZ
Өскемен
+11°
небольшой дождь жел 2 м/с, СБ
489.36 533.45 4.99

Шығыс Қазақстанға Нобель сыйлығының лауреаты келеді

28.09.2013, 18:00 123


Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да «G-Global» коммуникативті алаңын қолдауға арналған «Жаһандық диалогтың жаңа түрі» атты жиын өтті, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі

Төрт жыл бұрын әлем экономикасы мен дамыған елдердің тәжірибесін зерттейтін клуб құрылған болатын. Сол клубтың жұмы-сы өзекті болғаны соншалық, бүгін сол кішігірім орта үлкен ұйымға айналды. Сол ұйымның арқасында дүниежүзінде болып жатқан барлық экономикалық жетістіктер мен жаңалықтар Қазақстанға тарап отыр. Елбасымыз интеграциясыз қазіргі жағдайда алға жылжу мүмкін емес екенін үнемі айтып келеді. Ал «G-Global» жобасы осы тұрғыда да үлкен ақпараттық құрал бола алады.

Еліміздің алдына ресурстарды үнемдеу міндеті қойылғаннан бері «EХPO-2017» көрмесін өткізудің маңыздылығы арта түскені белгілі . Бұл жобаның жемісті жүзеге асуы үшін келер жылы Оңтүстік Корея мен Қытайдың тәжірибесін зерттей отырып, Шығыс Қазақстанда шағын EXPO өткізілмек.

«G-Global» мегажобасына атсалысушы әрбір қазақстандық жас ғаламтор арқылы әлемнің қол жете бермейтін беделді экономикалық журналдарымен сусындап қана қоймай, Нобель сыйлығының 17 лауреаты бастаған білікті сарапшылармен он-лайн жүйесінде пікір алмаса алады.

Көптеген ұсыныстар көңілден шығып жатыр. Әсіресе, Ережеп Мәмбетқазиев ұсынған өзіміздің сұхбат клубын құру идеясын зерделеу қажет.

Ал сенатор Серік Нүгербеков шығысқазақстандық жастарды«G-Global» сұхбат алаңына белсене қатысуға шақырып, келер жылы дәріс беруші Нобель сыйлығы лауреаттарының бірін біздің аймаққа әкелуге уәде берді. Жиын соңында «G-Global» жобасын одан әрі дамыту бойынша қорытынды қарар қабылданды.

Есімжан Нақтыбайұлы

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив