Биыл біздің елде астықтың экспорттық әлеуеті 9 млн. тоннаны құрамақ. Бұл жөнінде ақпарат құралдарына берген сұхбатында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміряев мәлім етті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
– Қазақстан үшін бидай сататын дәстүрлі нарық – бұл Орталық Азия, Ауғанстан, Иран. Олардың бірлескен тұтыну көлесі 6 млн. тонна шамасында. Оған қоса, балама бағыттарда келісімшарттар бар, – деді вице-министр.
Ресми өкілдің айтуынша, қазақстандық астық қорының 92 пайызы үшінші сортты өнімге жатады екен. Ал ағымдағы жылғы астық сапасы жиын-терін аяқталып, оның басым бөлігі диірменге түскен кезде ғана белгілі болмақ.