Қарттар күніне орай 25-27-қыркүйек аралығында Шығыс Қазақстан облысындағы барлық емдеу мекемелерінде дәрігер мамандар егде адамдарды тегін қабылдап, қажетті тексерулер (УЗИ, ЭКГ және т.б) жүргізеді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мәліметі бойынша, осы уақыт ішінде жүруге жарамайтын жасы 70-тен асқан қария адамдарға, соғыс және еңбек ардагерлеріне, соғыс мүгедектеріне дәрігерлер үйде қызмет көрсетіп, барлық тексерулер мен сараптамаларды тегін жүргізеді.
Ал өздігінен қозғала алатын, жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын қарт адамдарға жергілікті отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның жолдамасымен барлық емдеу-профилактикалық бірлестіктерде тегін ФГС, УЗИ тексерулерінен өтулеріне болады.