KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 3 м/с, СБ
479.23 534.96 5.16

Әлем чемпионы Талғат Ақтаевты еске алуға арналған дзюдодан Мемориал-турнир өтеді

12.09.2013, 18:00 196


14-15 қыркүйекте белгілі спортшы, әлем чемпионы Талғат Ақтаевты еске алуға арналған дзюдодан мемориал-турнир өтеді. Оған 23 жасқа дейінгі спортшылар қатысады , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Ашық халықаралық турнирге қатысу үшін Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан спрортшыларынан өтініштер келіп түскен. Қазақстан құрамасында барлық аймақтардың дзюдошылары өнер көрсетпек.

Талғат Ақтаев күреспен 1977 жылы белгілі бапкер Жанәділ Атаевта айналыса бастады. Екі жылдан соң талантты қазақ жігіті күміс жүлдегер атанса, 1981 жылы дзюдодан өткен ҚСРО чемпионатында күміс жүлдені еншіледі. Ал 1982 жылы самбодан Әлем чемпионатынан Талғат алтын алқамен оралды. Өкінішке қарай, атақты қазақстандық спортшы 1992 жылы қайғылы қазаға ұшырады.

Дзюдо мен самбодан күрескен белгілі спортшыны еске алу турнирі 2005 жылдан бастап жыл сайын өтіп келеді. Биылғы турнир тоғызыншы рет өтеді.

Халықаралық жарыстар Өскемен қаласындағы денешынықтыру-сауықтыру кешенінде 14-15 қыркүйекте сағат 10-00-де басталады. Оның ұйымдастырушысы ШҚО денешынықтыру және спорт басқармасы.

Турнирдің салтанатты ашылуы 14-қыркүйекте сағат 16-00-де.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив