KZ
Өскемен
+14°
небольшой проливной дождь жел 4 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Шығыс Қазақстанның балуандары үздіктердің қатарында

16.09.2013, 18:00 248


Өскемендегі денешынықтыру-сауықтыру кешенінде дзюдодан 23 жасқа дейінгі балуандар арасында әлем чемпио-ны, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Талғат Ақтаевты еске алуға арналған ашық халықаралық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Турнирге шет елдерден және еліміздің барлық облыстарынан, Астана мен Алматы қалаларынан балуандар қатысты.

Талғат Ақтаевты еске алу турнирі алғаш рет 2005 жылы ұйымдастырылды. Бұл дәстүрлі турнир осымен тоғызыншы мәрте өткізіліп отыр. Жарысты облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

– Жарыс аса тартысты әрі қызықты өтті. Жекелей салмақ дәрежелері бойынша біздің облыстан С.Зәкетаев, И.Исмагилов, Е.Бейсенбаев, Н.Айымқанов, Е.Алдажар, Д.Нұралинов, Алматы облысынан К.Рама-занов бірінші орындарға ие болды, – дейді жарыстың бас хатшысы, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысы Рымбек Рамазанов.

Бұған қоса біздің облыстың үш балуаны екінші, жеті балуаны үшінші орындарды иеленді.

Биыл қараша айында дзюдодан ересектер арасындағы ел чемпионаты Өскеменде өтеді. Біздің облыстың балуандары осы дүбірлі жарысқа даярлық жиынын бастады.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив