KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Көкпардан алғашқы Азия чемпионаты басталды

10.09.2013, 18:00 104


Бүгін Елордада көкпардан алғашқы Азия чемпионаты басталды. Ұлттық ойын жанкүйерлері жарысты 15 қыркүйекке дейін тамашалай алады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі 24 kz телеарнасының мәліметіне сілтеме жасап.

Көкпардан Азия чемпионатын Қазақстан алғашқы болып қабылдады. Енді игі бастаманы жалғастырып, 2 жылда бір рет өткізіп отыруды жоспарланған.

Биылғы біріншілікке ат спорты жақсы дамыған 8 елдің құрамасы қатысуда. Жеңімпаз команда 10 млн. теңгені қанжығаларына байлап, 16 келілік алтын жалатылған арнайы кубоктың иегері атанады.



"Көкпар – адамзаттың ортақ құндылығы. Бірақ сол мұраны қазақтар сақтап қалған. Бұл ойын бойынша Қазақстанда Азия чемпионатын өткізуге толық хақымыз бар деп ойлаймын. Себебі бізде саяси тұрақтылық, экономикалық қуат, жүйелі түрде дамып жатқан оның ғылыми негізі бар", дейді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Бекболат Тілеухан.


Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив