KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СШ
478.93 534.96 5.16

Әлем чемпионаты Риддерде өтеді

2.03.2013, 18:00 211


Риддер қаласында тұңғыш рет шаңғымен бағдарлау спортынан Әлем чемпионаты жалауын көтермек. Қазірдің өзінде оған қатысуға 27 мемлекет өтініш жасапты. Олардың қатарында АҚШ, Канада, Ресей, Украина,Италия, Норвегия, Чехия,Швеция, Қытай, Германия, басқа да мемлекеттер бар.

Шаңғымен бағдарлау елімізде соңғы жылдары күрт дамығаны белгілі. Қазақстандықтар Азия ойындарында 8 алтынның барлығын, 5 күміс, 1 қола, жиыны 14 медальды қанжығаға байлағаны белгілі.

- Риддер қаласындағы Әлем чемпионатына Азия ойындарында алтыннан алқа таққан Михаил Сорокин, Ольга Новикова, Эльмира Молдашева сынды танымал спортшылар қатысып, еліміздің намысын қорғайды.Әзірлігіміз жақсы. Ресей, Канада, Украина, Беларусь командалары да мықты -дейді облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасының бастығы Әбіл Дөңбаев мырза.

- Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру агенттігі Әлем чемпионатын өткізуге жан-жақты әзірленді. 4-ші наурызда Риддер қаласында кешкі 17.00-де Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы өтіп, 5-ші наурызда ерлер мен әйелдер сайысы басталып кетпек. 8-ші наурызда спортшылар бір күн демалып,жарыс одан әрі жалғасып,10-шы наурызда жалауын түсіреді. Алғашқы үштікке енсек деп жоспарлап отырмыз, - дейді ұлттық штаттағы командалар дирекциясының баспасөз хатшысы Ардақ Тоғымов мырза.

Оңдасын Елубай,
Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив