KZ
Өскемен
-4°
пасмурно жел 2 м/с, З
491.71 529.97 5.05

Ерікті түрде тапсырылған қару-жарақ үшін сыйақы беріледі

13.08.2013, 18:00 206


Ұлан ауданында 1-30 қыркүйек аралығында тұрғындардан қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды сатып алу акциясы өткізіледі, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

"Бұл республикалық акция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 желтоқсандағы «Тұрғындардың заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ерікті қайтарымсыз тапсыруы туралы Ережесін бекіту туралы» №1299 қаулысына сәйкес жоспарланып отыр. Азаматтардың жазбаша өтініші негізінде, ақшалай сыйақы алу үшін ерікті түрде тапсырылатын қарулар, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар азаматтардан тек 2013 жылдың 1-нен 30 қыркүйек аралығында сағат 24.00-ге дейін ғана қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кейін ерікті түрде тапсырылған қарулар, оқ-дәрілер және жарылғыш заттар үшін ақшалай сыйақы төленбейді", дейді Ұлан аудандық ішкі істер бөлімінің жетекші маманы Г.Қамзина.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив