KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
479.05 534.57 5.17

Қару-жарақ тапсырғандарға сыйақы төленеді

17.04.2014, 18:00 164



21-сәуірде Шығыс Қазақстан облысында халықтан заңсыз сақтаудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталады, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мұндай іс-шара ІІМ бастамасымен былтыр да ұйымдастырылғанын айта кету керек. 2013 жылдың қыркүйек және қараша айлары аралығында өткізілген акция барысында шығысқазақстандықтар полицияға 698 атыс қаруы мен 3200-ден астам оқ-дәріні тапсырған екен. Заңсыз сақталып келген қару-жарағын құқық қорғау органдарына тапсырғандары үшін тұрғындарға жалпы құны 26 миллион теңгеден асатын ақшалай сыйақы төленіпті.

Акция ережесі бойынша, қару-жарақты өз еркімен өткізген азаматтарға оның түріне қарай, 10-нан 100 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде ақшалай сыйақы төленетін болады. Заңсыз қару-жарақты қабылдау және рәсімдеу жағы қалалық және аудандық ішкі істер органдарында азаматтардың жазбаша өтініші негізінде жүзеге асырылмақ.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив