KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 2 м/с, В
480.61 534.53 5.28

Тарбағатай ауданының іскер азаматтары мен мекеме қызметкерлері өз ауылдарында саябақ салды

9.08.2013, 18:00 127


«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында Тарбағатай ауданының іскер азаматтары мен мекеме қызметкерлері бірлесіп, өз қаражаттарына Ақсуат ауылында саябақ ашты, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Бұған дейін бос жатқан белгісіз жауынгер ескерткішінің алдындағы 700 шаршы метр жерді абаттандырып, гүлзар салып, субұрқақ орнатты.

Саябақ ішіне орындықтар қойылып, жолға тас төсеніштер төселді. 1000 түп көшет отырғызылды. Келешекте қалған бос жатқан аумақ абаттандырылып, өңірде мекендейтін аң-құстардың мүсіндері қойылып, балалар ойнайтын тамаша орталыққа айналдырылмақ.

Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив