KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Мектеп жанына «Балалар әлемі» атты ойын қалашығы салынды

7.07.2013, 18:00 153


«Туған жерге – тағзым» акциясы аясында Аягөз ауданындағы Өркен ауылының балалары үшін осы ауыл түлектері жергілікті мектеп жанына «Балалар әлемі» атты ойын қалашығын салып берді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Мұнда баскетбол алаңы мен ертегілер кейіпкерлерінің мүсіндері бейнеленген шағын қалашық сияқты ауыл баласының көңілінен шығатын көптеген қызықтар бар. Қалашықтың тағы бір ерекшелігі – балалар бұл жерге жылдың барлық мезгілінде келіп, ойнай алады.

Сондай-ақ, қалашық айналасы абаттандырылып, көшеттер отырғызылған. Алдағы уақытта мұндағы алаңқайлар толықтай жарықтандырылатын болады дейді балаларға ерекше базарлық жасаған ауыл азаматтары.


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив