KZ
Өскемен
+23°
дождь жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Зайсан қаласындағы аудандық орталық ауруханада телемедицина іске қосылды

25.07.2013, 18:00 129


Өткен жылы Зайсан қаласындағы аудандық орталық ауруханада кіші диагностикалық орталық ашылып, халыққа сапалы қызмет көрсетуді бастаған. Енді міне, мұнда жақында ғана телемедицина іске қосылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Бұл ауыр науқастарды дер кезінде облыс орталығындағы білікті мамандарға көрсетіп, диагнозын анықтауға, ақыл-кеңес алуға, дәрістер тыңдауға мүмкіндік береді. Бұдан былай шалғайда жатқан ауданның дәрігерлері қандай да бір күрделі ота жасағанда немесе ем-домын анықтау қиынға соғатын ауруларды емдеген уақытта еш қиналмастан Өскемендегі әріптестерімен белгіленген кестеге сәйкес тікелей байланысқа шыға алады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив