KZ
Өскемен
-2°
плотный туман жел 2 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Шегенов қарсылас шыдатпайтын боксшы

6.07.2013, 18:00 122


Грекияның Афины қаласында кикбокстан ардагерлер арасындағы Әлем чемпионаты өтті. Бұл жарысқа 30-дан астам елдің спортшылары қатысты , деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Осы жарысқа өскемендік спорт ардагері, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, халықаралық санаттағы жаттықтырушы Ержан Шегенов те қатысты. Ол – әлемнің, Азияның, Еуропаның, еліміздің бірнеше мәрте жеңімпазы атанған әйгілі спортшы.
Ержан Грекияда өткізген жекпе-жектегі айқастарында алдымен Чехияның спортшысын ұтты. Одан соң Англияның кик-боксшысын сүріндірді. Ақтық бәсекеде Италияның кикбоксшысымен жұдырықтасып, айқын басымдықпен ұтты. 45 жастағы Ержан Шегенов осымен он бір мәрте Әлем чемпионы атанды.

Ержан 12 жасынан бастап бокспен айналысты. Оны жаттықтырып, баулыған Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Бағлан Райымханов пен Владимир Речицкий болатын. Қазіргі кезде Ержанның өзі де Өскемендегі Спорт сарайында жеткіншектерді жаттықтырып, білікті бапкерлердің қатарына қосылды.

– Грекияда да қарсыластарым әлемге кеңінен танылған мықтылар болды. Мен бұл жеңісімді Астана күніне арнаймын, – дейді Ержан Шегенов.

Әлімжан Қадылбекұлы


Мәлімет көзі: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив