KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
441.8 480.02 4.88

Юлия Галышева - жасөспірімдер арасында әлем чемпионы

26.03.2012, 18:00 198


Италияның Вальмаленко қала-сында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан сүйінші хабар жетті. Өскемендік Юлия Галышева могулден өткен жарыста өз құрдастарының арасында алтын медальды жеңіп алды.

Осылайша, Юлия биылғы қысқы маусымдағы алғашқы алтынды еліміздің спортшылары арасында бірінші болып иеленді. Бұл – қазақстандық шаңғышылардың соңғы жылдардағы ең ірі жеңістерінің бірі. Күміс пен қола америкалық Анна Пак пен орыс Марика Пертахияға бұйырды. Ал бозбалалар арасындағы могул бәсекесінде Андрей Соколов тоғызыншы, Павел Колмаков он екінші орынды қанағат тұтты.

Өскемендік Юлия Галышева қысқы спорт түрлері бойынша облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің бапкері Виктор Лемешконың жетекшілігімен әлем чемпионатына даярланған еді. Мұның алдында Юлия фристайлдан Әлем кубогының жеңімпазы атанған болатын.

2008 жылы Юлия Еуропаның екі мәрте чемпионы атанып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері талабын орындаған. Сондай-ақ, ол Ванкувердегі қысқы Олимпиада ойындарында 11-ші орынды еншілеп, біздің барлық могулшілер арасында үздік көрсеткішке жеткен.

Мәлiметтiң көзi: Altaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив