KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
443.44 480.51 4.88

Шығыс Қазақстандық Юлия Галышева - Әлем кубогының екі мәрте жүлдегері

19.03.2013, 18:00 234


Швецияның Оре қаласында фристайлдан өткен Әлем кубогының кезеңдік жарысында өскемендік спортшы Юлия Галышева екі бірдей медальға ие болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Юлия параллельді могул бойынша бәсекеге түскен әлем саңлақтары арасында мәреге екінші болып жетті. Қазақстандық спортсүйер қауым Әлем кубогының кезеңдік жарысында күміс медальды жеңіп алған Юлияға ризашылықтырын білдіріп те жатыр. Сочи Олимпиадасы алдындағы сынақта ол америкалық Ханна Хирниге ғана есе жіберді. Ал қола медальды канадалық спортшы Хлоя Дюфур-Лапоинт иеленді.

Мұның алдында ғана Швецияда Әлем кубогының 24-ші кезеңінде могулден өткен жарыста Юлия қола медальды еншілеген болатын. Бұл бәсекеде АҚШ-тың аса тәжірибелі спортшылары Хизер Макфай бірінші, Илайза Ауттрим екінші орын алды.

– Юлия Галышева Швецияда жақсы нәтижеге қол жеткізді. Бұл жетістік қазақстандық могулшілер арасында үздік көрсеткіш болып отыр. Үздіктер қатарынан орын алу үшін жаттықтырушысы Виктор Лемешконың жетекшілігімен әр жарысқа тыңғылықты даярланды. Италияның Вальмаленко қаласында фристайлдан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында алтын медальды жеңіп алып, болашағынан үміт күтерлік спортшы екенін дәлелдеген еді. Содан кейін де Еуропаның бірнеше мәрте чемпионы атанды, – деді Өскемендегі қысқы спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Анатолий Проскурин.

Әлімжан Қадылбекұлы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив