KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 8 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Шығыс Қазақстанның ең қауіпсіз ауылы анықталар күн жақын

3.07.2013, 18:00 212


Шығыс Қазақстан облысы әкімі қоғамдық тәртіпті күшейту мақсатында өзін-өзі басқару ұйымдары мен әкімдіктер жанынан қоғамдық кеңес құру, «Қауіпсіз ауыл» байқауын ұйымдастыру туралы ұсыныстарға қолдау білдірді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

– Әрқайсымыз жұмысқа қорықпай барып-келіп, тыныш ұйықтау үшін қоғамдық тәртіп мықты болу керек. Сондықтан қоғамдық тәртіпті қадағалау ісін жалғыз құқық қорғау орындарына артып қою дұрыс емес. Өткен жылдары осы іске жұртшылықты тарту тұрғысында жаңа бастамалар көтеріліп, жақсы жұмыстар жасалған. Биыл сол қозғалыс саябырсып қалды. Ерікті топтар мен жасақтарды құрып, оны қағазға тіркеумен шектелуге болмайды. Бұл кеңестер, жасақтар іс жүзінде жұмыс істеу қажет, – деген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауылды жерлердегі ақсақалдар кеңесін осы іске тарту керектігін баса айтты.

Өзін-өзі басқару ұйымдары мен әкімдіктер жанынан қоғамдық кеңес құру, «Қауіпсіз ауыл» байқауын ұйымдастыру ұсыныстарына қолдау білдірген аймақ басшысы жастар ұйымдарын, «Жас ұлан» жасақтары мен «Жас Отан» жастар қанатының аталмыш бағыттағы жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив