Қазақстан Журналистер одағы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында 18 бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін 9 номинация бойынша марапаттады, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі 24 kz телеарнасына сілтеме жасап.
Мыңнан жүйрік шыққан қаламы ұшқыр жандардың қатарында «Хабар» телеарнасындағы «Көзқарас» бағдарламасының жүргізушісі Ирак Елекеев те бар. Оның маңызды мәселелерді қозғайтын саяси шолулары көпшіліктің көңілінен шығуда. Ал, саясаттың түрлі тармақтарында бірнеше қызметтерде болған Ирак Елекеев журналистік қызметтің оңай еместігін айтады.
"Мен Әділет министрінің орынбасары болдым. Депутат та болдым, Жоғары сотта комитетті де басқардым. Бірақ ең қиын жұмыс журналистікі екен. Осындай тәжрибиемен келіп, жұмыс істеу маған өте қиын. Түнгі сағат 1-2-ге дейін отыратын кездерім болады. Көп нәрсе кейіпкерге байланысты. Қызықты болу үшін бағдарламаны жан-жақты аша білу керек. Әрине, ол үшін жақсы кейіпкерді таңдай білу қажет. Әсіресе, тікелей эфирдің ауыртпалықтарына төзіп, халықтың көңілінен шығу үлкен жауапкершілікті талап етеді» дейді жүргізуші.