KZ
Өскемен
+17°
небольшой проливной дождь жел 3 м/с, С
471.83 505.66 5.4

ШҚО-да ең үздік журналистер марапатталды

19.06.2016, 18:00 247


Өңірдегі үздік журналистер марапатталды

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай өңірдегі БАҚ-ның өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Әнуарбек Мұхтарханов облыстағы журналистердің барлығы нағыз өз ісінің мамандары екенін атап өтті.


– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдары біздің елімізде тұрақтылық пен келісімді нығайтуда, елді табысты дамытуда айрықша маңызды рөл атқарады. Бүгінде бір де бір адам баспасөз, теле-радио бағдарламаларынсыз күнделікті өмірін елестете алмайды. Сондықтан табысты да жемісті еңбектеріңіз ақталып, алдағы мақсаттарға жету жолындағы жаңа биіктер мен шыңдардан көріне беріңіздер, - дейді Әнуарбек Мұхтарханов.

Кездесу соңында Әнуарбек Мұхтарханов аталмыш партияның жұмысын насихаттап жүрген журналистердің жұмыстарын саралап, оларды төрт номинация бойынша марапаттады. Бұл күні «Ең үздік газет журналисі» ретінде облыстық «Дидар» газеті қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Ержан Әбішев танылса, ал «Үздік телеарна журналисін» «Хабар» агенттігінің ШҚО бойынша меншікті тілшісі Вячеслав Ветлугин алды. Сонымен қатар, «Үздік радио журналисі» номинациясы бойынша Қазақ радиосының ШҚО бойынша меншікті тілшісі Даулет Абылқасымов марапатталса, «Үздік ақпарат агенттігі журналисі» номинациясын «Қазақпарат» республикалық агентігінің Шығыстағы меншікті тілшісі Людьмила Малько иемденді. Сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының жұмысын насихаттауға атсалысып жүргендері үшін «Шығыс-Ақпарат» медиахолдингіне, «Қазақстан-Өскемен» облыстық телеарнасы «Хабар» агентігінің Шығыс Қазақстандағы меншікті тілшісі Олжас Керейханға, «Егемен Қазақстан» газетінің ШҚО бойынша тілшісі Думан Анашқа, республикалық «Астана» телеарнасының меншікті тілшісі Ирина Якунинаға, «Казахстанская правда» республикалық газетінің меншікті тілшісі Светлана Абеноваға, облыстық ақпарат орталығының жетекшісі Досжан Омарханға,
«Алдаспан» газетінің редакторы Айым Касембаеваға, «Устинка плюс» газетінің редакторы Вера Кисленковаға, облыстық «Рудный Алтай» газетінің тілшісі Гульмира Асиповаға арнайы сыйлықтармен дипломдар табысталды.

Ажар Сағатбекова




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив