Тарбағатай ауданда 25 жастағы жігіт мотоциклмен Мәдениет үйінің темір қоршауына соғылып, басынан ауыр жарақат алды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ақжар ауылында жылдамдықты шамадан тыс асырған мотоцикл жүргізушісі басқаруға ие бола алмай, Мәдениет үйінің темір қоршауына соғылды. Жол-көлік апатының салдарынан жүргізушісі басынан ауыр жарақаттанды.
Мәлімет көзі: Аltaynews.kz