Аудандар арасындағы мәдени байланысты нығайту мақсатында Күршім шекара отрядының 2535 әскери бөлімі өнерпаздары Үлкен Нарын ауылындағы мәдениет үйінде жиналғандарға концерттік бағдарламаларын көрсетті, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.
Әскери оркестрдің шекаралы аудандардың шалғай ауылдарына концертпен баруы дәстүрге айналған. Олардың музыкалық репертуарында отандық композиторлардың көптеген шығармалары бар.
Концерт барысында Азамат Қалибековтің, жерлесіміз Тілек Дөненбаевтың, Қуандық Оралбаевтың, Сайран Сәрсембаевтың, Уатхан Дүсіповтің орындауындағы әндер көпшіліктің көңілінен шықты.
Сонымен қатар шекарашылардың шығармашылық тобы Өрел комендатурасында және Үшбұлақ заставасындағы әскерилердің алдында өз өнерлерін көрсетті.