KZ
Өскемен
+19°
ясно жел 1 м/с, С
478.96 533.03 5.22

Ұлы сазгердің шығармашылығына арналған шығармашылық кеш

3.04.2013, 18:00 199


Курчатов балалар музыкалық мектебінде 19-20 ғасырлардағы әлемге танымал композитор, пианист әрі дирижер Сергей Васильевич Рахманиновтың туғанына 140 жыл толуына байланысты шығармашылық кеш ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Мәдени шараға ұйытқы болған– музыка мектебі мен Достық үйі . Кеште Достық үйінің директоры Ш.Төлеутаев жеткіншектерге С. Рахманиновтің өмірбаяны мен шығармашылығы жөнінде баяндады. Рахманиновтың шығармаларын халқы әлі де сүйіп тыңдайды, бүгінгі заман әртістері оның шығармаларын кештерде, ірі концерттік алаңдарда орындап жүр. Оның музыкалық шығармалары өлмес мәдени мұралардың қатарына жатады.

Шығармашылық кештің барысында музыкалық мектептің оқытушылары Лидия Лобкова, Татьяна Ларшина, Арайлым Берікболова ұлы сазгердің шығармаларын құйқылжыта орындап, көрермендерге тамаша көңіл – күй сыйлады.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив