KZ
Өскемен
+32°
ясно жел 2 м/с, СШ
467.29 501.03 5.35

Байқау лауреаттары концерт берді

26.05.2013, 18:00 159


Өскемендегі ағайынды Абдуллиндер атындағы Шығыс Қазақстан өнер колледжі студенттерінің үстіміздегі оқу жылын қорытындылау концерті болды, деп хабарлайды Аltaynews.kz .

Аталмыш өнер ордасы халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаттары мен жеңімпаздарын тәрбиелеп, мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосып келеді. Сондай талантты музыканттардың қатысуымен өткен лауреаттардың концерті ерекше көңіл күй сыйлады. Әсіресе, «Жігер», «In coro», «Мирен», «Раде» ансамбльдері мен жеке дауыста Ж.Зарқынбекова, Б.Серікова, Э.Шпекпаева, М.Асылбекова, И.Хисматуллина, А.Косачева, П.Воронков сынды өнерлі жастар дүйім жұртты тамсандырды.

Сонымен қатар, халықаралық және республикалық байқау лауреаттары Б.Мырзабекова, Р.Төлегенова, Е.Еркінов, Е.Штефен, Е.Қуанбек, С.Баяхова кештің көркін кіргізсе, облыстық байқау жеңімпаздары М.Кедесова, С.Раченкова, А.Дик және басқалар да аянып қалған жоқ.

Кеш соңында облыстық білім басқармасының басшысы Мәдениет Ахметова барлық өнерпаздар мен олардың ұстаздарына алғыс хат табыстап, шығармашылық табыс тіледі. Ал аталған оқу орнының директоры Әлмира Дүсіпова қызметтестері мен студенттерін жыл бойғы жинақтаған тәжірибе һәм жетістіктерімен құттықтап, алғаш рет өткізіліп отырған шара дәстүрлі жалғасын табатындығын жеткізді.

Айжан Тоқтасынқызы

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив