KZ
Өскемен
+12°
переменная облачность Штиль
480.5 534.22 5.18

Кез-келген нысан салу үшін тұрғындардың рұхсаты керек

26.05.2013, 18:00 141


ШҚО қоғамдық кеңесінің тұрақты даму туралы жұмыс тобы отырысында «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан шаралар туралы айтты. Талдау барысында түйілген ой: қоғамдық мониторинг жүргізіп, актілер жасау керек, елді мекендерде аталмыш бағдарлама аясында жүргізіліп отырған жұмысты азаматтар тарапынан бақылауға алған жөн.

Жұмыс тобының жетекшісі Надежда Сафонованың айтуына қарағанда, Ұлан ауданы мен Зырян қалаларындағы сумен қамту нысандарын тұрғызу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізу қажет.

-Механизмді нығайтамыз, мониторинг алгоритмін жасаймыз. Құрылыс жұмыстары әрі қарай бақылауға алу үшін жасалған сұлбаны нығайту керек, - деп баса айтты ол.

Отырысқа қатысушылар жұмыс тобының бастамасын қолдады. Қоғамдық кеңестің төрағасы Владимир Лопаткин 1-2 нысанды бақылауға алудың аздығын айтып, аудандардағы қоғамдық кеңестерді де осы іске кірістіру керектігі туралы ұсыныс жасады. Олар жер-жердегі тұрғындарды да белсендіре алады.

-Олар жұмыс барысын күнделікті қадағалап, техникалық инспекцияның актілерге нысанды қарамай қол қою фактілерін тіркейді, - деді.

Отырыс соңында облыс бойынша сумен қамту нысандары құрылысының картасын жасап, Қоғамдық кеңестерге айту туралы қорытынды жасалды. Оған қоса, энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс ретінде құрылысты бастамас бұрын тұрғындардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізіп, нысан құрылысын тұрғындардың қол қоюынсыз бастамауды тапсырды.

Ал энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы бұл бастаманы барынша қолдап, толық қолдау көсрететінін айтты.

-Сіздердің жұмыстарыңыз бізге де, тұрғындарға да қолдау, ең бастысы келісімшарттың сапалы орындалуына кепіл, - деді басқарма бастығының орынбасары Қайсар Науқанов.


ШҚО ақпараттық орталығы




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив