KZ
Өскемен
+12°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
480.5 534.22 5.18

Кеденшілер Еуропа аймағындағы уәкілетті экономикалық операторлардың Халықаралық форумын өткізді

23.05.2013, 18:00 152


ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитеті Астанадағы VI экономикалық форум аясында Еуропа аймағындағы уәкілетті экономикалық операторлардың Халықаралық форумын өткізді, деп хабарлайды Аltaynews.kz тілшісі.

Оның жұмысына ҚР Қаржы министрі, Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысы, Австрия, АҚШ, Италия, Венгрия, Түркия, Корея өкілдері мен ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің басшылары қатысты.

ҚР ҚМ КБК-ның баспасөз қызметінің хабарлауынша, форумның құндылығы Қазақстандағы халықаралық сауда қауіпсіздігін арттыру, сонымен қатар Дүниежүзілік кеден ұйымы (WCO) стандарттарының қауіпсіздігіне сәйкес, жеткізу жүйесін тізбектеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазақстан Республикасының кеден органдары уәкілетті экономикалық операторлардың институтын сәтті дамытуда. Бұл жұмыстар кеден саласындағы қолданыстағы заңнамаларға, Әлемдік саудадағы жеңілдіктер мен қауіпсіздік стандарттарының жақтаулы ұсынымдарына, сонымен қатар Кедендік рәсімдердің горманизациялау мен қысқарту туралы халықаралық конвенциясына сәйкес жүргізілуде.

Қазіргі таңда Кеден одағының Кеден Кодексінде Уәкілетті экономикалық операторлар институтының негізі айқындалған. Идея негізі құлықты компаниялардың арнайы жеңілдіктерді пайдалануға, яғни кедендік формалдардарға кететін уақытты ғана қысқартып қоймай, бұларға қажетті шығын көлемін (қарапайым көлік пен УСҚ шығын) де айтарлықтай қысқартады.

Қазақстан Уәкілетті экономикалық операторлар институтын кеңейту жолында Уәкілетті экономикалық операторларға арналған тағы да арнайы жеңілдіктер тізімін қосуда. Бұған қоса отандық тауар өндірушілеріне деген жеңілдіктер қатарын ұлғайтуда.

Сарапшылардың растауынша, Стандарттар жақтауын жалпылама және барлық жерде қолдану үшін түрлі кедендік әкімшілендірулермен сертификатталған Уәкілетті экономикалық операторлардың өзара мойынсұнулары өте қажет. Бұл фактор, оператарлар үшін тең қызметті пайдала отырып, халықаралық саудаға қатысуға қолда бар тиімділік.
Қазақстан Республикасындағы Уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту аясында Уәкілетті экономикалық операторлардың қызметін Уәкілетті экономикалық оператор куәлігін алған сәттен бастап, олардың қызметін бақылау нәтижелері бойынша шаралар қабылдауға дейін автоматтандыру жүйесінде реттеу шаралары қолданылуда.

Форумға қатысушылар алдыңғы қатарлы тәжірибелер мен озық ойларда пікірлес болып, мұндай іс-шаралар келешекте жеке сектор мен кеденнің ара қатынасын нығайтуға, сонымен қатар Еуро одақтағы мемлекеттермен еркін сауда қатынасын орнатуға және Уәкілетті экономикалық операторлар институтын жетілдіруге үлкен септігін тигізетінін алға тартты.

Мәлімет көзі: Аltaynews.kz




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив